Категории
Самые читаемые
RUSBOOK.SU » Фантастика и фэнтези » Боевая фантастика » Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Читать онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
Жабдылған бөлігінің ішінде пропилицианитпен толтырылған. Өздерің түсінгендей, жоғарыда айтылған келімсектерге қарсы ертініді – пропилцианит.

10 жыл бойы жатғаламшарлықтардың ішкі системасына кіріп, ондағы жазуларды зерттеу барысында криптогрофтар ішіндегі өте көп қайталанатын бірнеше сөздер мен символдарды аудара алды. Олар негізінен қалалардың аттары, қарулар және координаттар туралы жазылған болатын. Бірақ ішінде бір сөз өзгеше болып келді. Ол сөз –пропилцианит.

Олардың пропилцианитпен неге сонша қызыққаны ғалымдар үшін де қызықта болды. Сондықтан да бірнеше топ болып қатарынан ол туралы барлық мәліметтерді жинаумен, сұрыптаумен және қарастырумен айналысты. Соның нәтижесінде олар осы анықтады: келімсектер келместен шамамен 10 жыл бұрын пропиленцианиттің шығарылымы күрт тежеле бастады, содан кейін тіпті кейінге кете бастады. Ал соққы басталған кейін ең үлкен соққы алған орындарға дәл осы пропилцианиті дайындайтын орындар болып келді.

Олардың осы күнге дейін өзге оқиғалардан бөлек болып білінбеуі – соққы түскен уақытта ол тікелей пропилцианиттің ерітінділерін дайындайтын немесе сақтайтын нүктелерге тікелей тимеген, көбінесе жабдықтау жолдарына, энергия қуат көзі қорларына, және тағы да басқаша жұмыс жасауға маңызды қосалқы нүктелерге тигендігімен түсіндіріледі. Оның үстіне, әдетте ондай оқиғалар қақтығыс кезінде болатын. Тіпті кейде ондай оқиғалардың себебі ретінде адамдардың қаруы да болып келген кездер де орын алған.

Сол себептен де жер бетіндегі(және тек жердегі еместерді де) экоухайдолардың қозғаласын, әрекетін, олардың шабуыл жасаған орындарын, олардан қалған қоқыстар мен техникалық қалдықтарды және тағы да басқа да өзге материалдық және информациялық қорларды жинау, сұрыптау, талқылау және анализдеуге арналған толыққанды топтардың бар болғанына қарамастан ешкін әлі күнге дейін осы оқиғаларды бір бірімен байланыстырмаған. Бұл олардың қаншалықты алдын – ала дайындалғанының ауқымдылығының өлшемін және олардың қаншалықты өздерінің әлсіздігінен қорқатындығын көрсетеді.

Он жетінші бөлім: Казарма

Мәліметтің орталық базаға жеткенінен кейін 10 жыл бойы дайындалған жоспарымыздың жемісін көруге дайынбыз. Ешқандай оқыс оқиға болмас үшін бұндай үлкен маштаптағы қозғалысты көптеген кіші топтарға бөліп тастаған. Дәл қазір осы топтардың біреуінде мен де шайқасқа дайындалудамын.

– Мен бұл операцияда ұшқыштардың қатарына тек ең жақсыларды ғана алады деп естігем. Егер сен де олардың қатарын болсаң, онда бұл әңгімелер тек қана әңгіме сияқты ғой. – дәл осы кезде артымнан таныс адамның дауысы естілді.

– Ха – ха. Мен сені ақпараттық технологиялық топтың басында болады деп естігем. Байқаймын, сенің осында болуыңа қарағанда, жұмыстарың жоқ сияқты ғой! – неге екенін білмеймін, бірақ Вероника екеуіміз ешқашан тіл табыса алмағанбыз.

– Не, бір рет ажалдан аман қалсаң екінші рет те сәттілік сенің жаныңда болады деп ойлайсың ба?

– Егер мен туралы уайымдайтын болсаң, қарықпая қой.

– Сен туралы біреу уайымдауы мүмкін сияқты айтасың ғой.

– Онда не үшін келдің.

– Егер бұл біздің соңғы кездесуіміз болса, онда менің сағар айтарым бар.

– Біздің 5 жылдық таныстығымыздан кейін се …

Айытқым келген сөйлемнің қалған бөлігі аузымда айтылмай қалды. Сондай бір нәзік сезім. Есіме тек Вероника казармадан шығып бара жатырған кезде ғана келе алдым.

Он сегізінші бөлім: Әуеде

– Альфа – қорғанысқа шабуыл жасай беріңдер. Бетта – ұшып шығып жатырған дрондар сендердің мойындарыңда. Чарли – біздің артымыздан келе жатырған «қонақтар» сендерге. Дельта – қалғандарына керек жерлерінде қолдау көрсетіңдер. – құлағыма біздің командирдің дауысы естілді.

Біз олардың дайын болатындығын білдік. Бірақ та олардың қарсылығы біз күткеннен де күштірек болып шықты. Есіме бірден 5 жыл бұрынғы оқиға түсті. Неге есіме түскенін өзім де білмеймін.

Жоқ. Бұл жолы олай болуына жол бере алмаймын. Қазір менде тірі қайту үшін ынта пайда олды: қайтсемде Вероникадан жауап алуым керек.

Мен Дельта тобына тиесілімін. Бұл топқа әрбір орталықтардан тек арнайы критериялардан өте алатындардың ішіндегілерден ең үздіктері ғана қабылданады.

– Альфа, Дельта – біздің «сыйлықтарды» ішке жеткізіңдер. Егер «есік” болмаса, сендерде өздеріңнің «кілттерің» бар екенін естеріңе салу керек емес шығар. Бетта, Чарли – көмек көрсетеміз! Сосын орындарыңмен ауысасыңдар. – біздің командир негізі қызық адам. Бұл тек оның сөйлеумәнеріне байланысты емес. Стратегияны біз ұшып шықпас бұрын оқып алғанбыз. Неліктен оның біз білетін ақпатратты қайталап айтып отырғандылығы туралы ешкім жауап бере алмас.

Он тоғызыншы бөлім: Орталықта

Дәл қазір мәліметтік орталық центр барлық топтармен байланыста болу керек. Біздің жұмысқа шаттлдардан шыққан сигналдарды үстау, оларды дешифрлеу, жолдарын айыру немесе, егер әрине мүмкіндік болса, жалған ақпарат бар сигнал жіберу; алынған мәліметтермен қалған топтарды қамтамасыз ету; топтардың арасындағы ақпараттық алмасудың дұрыс жүруін және бізге келген соққыдан қорғану кіреді.

Атқару керек жұмыс басымнан асады. Ол жетпегендей менің астымдағылар да қуантатын адамдар емес. Мен 10 жасымда олар атқарып отырған әрекеттерін олардан жақсы жасаған шығармын.

– Сендер не, код жазуда кеше ғана үйрендіңдер ма?! Мен екі қолымды қолданбайтын болсам да сендерден тезірек жазатын шығармын. Егер біздің желіге біреу кіретін болса, айтпады демеңдер, өз бастарыңмен жауап бересіңдер. Сенде әрине жасамайды. Жазып жатырған кодыңды дұрыстап жазбайсың ба. Ал сендер не қарап тұрсыңдар. Не, сендердің ойыларыңша ол өзін – өзі аударады деп ойлайсыңдар ма. – бір топ аз болғандай, біздің қасымызда аударушы топ та орналасқан.

Әрине Бекнұр да осында. Бірақ ол ешкімге көңіл аударып отырған жоқ. Ол өзге адамдарға көңіл аударуға энергия бөле алмайды. Өйткені оның ойынша өзгелерге белгілі зат айту – тек керек емес уақыт жұмсау болып саналады. Әсіресе осындай уақытта.

Неге екенін білмеймін, бірақ мен өзімді қоярға жер таппай отырмын. Әсіресе қақтығыс басталғалы бері.

Бұл менің өмірімдегі ең сұмдық күн шығар.

Жиырмасыншы бөлім: Жерде

Мен қатты қателескен екенмін.

Я, біз ұттық. Алайда бізге олардың технологияларын зерттеу керек болды. Станциялардың ішінде қалған технкалардан барынша қаншалықты алуға мүмкін мағлұматтарды алуымыз керек. Бұл көптеген сұрақтарға жауап бере алады: қайдан келді, қалай бізге жетті, тағы екінші толқынды күтуіміз керек пе, жалпы, бізден басқа өзге де цивилизациялар бар ма екен. Оның үстіне, экоухайдо технологияларын меңгеру біздің де технологиялық үлкен қадам жасауға үлесі мол болады.

Әрине, центрда отырып сигналдарды ұстап алудан әлде қайда қиынырақ. Бұл жерде әңгіме тек көшірілетін ақпараттардың көлемінде немесе ішінде қойылған қорғаныста емес. Қақтығыс нәтижесінде станцияның біраз жерлері зақымданған, сәкесінше материалдық ақпаратты қорладың да біразы зақымданған. Яғни кейбір ақпараттардың толық қанды ала алу мүмкіндігі туралы айтпауға болады.

Жиырма бірінші бөлім: Бөлімде

– Ханым, сізге бәрі ыңғайлы ма?

– Егер қандайда бір сұранысыңыз бар болса, айта берсеңіз болады!

– Сізге кіруге рұқсат берілді! – я, бір ғана шақыру қағазының күші соншалықты көп болады деп ойламаппын. Генералдың мөрі бар шақыртуды көрсеткенге дейін тіпті күзетте отырғандар да маған қарағысы келмеген. Ал қазір тіпті іштегі беделді адамдардың өздері де (маған солай көрінді) жылы сөйлеп, барынша көңілімнен шығуға тырысты.

– 23-76-б секторында 13 ұшақ жарамсыз болып қалды.

– 27-65-г секторында – есікті ашып кіре салысымен шамамен 10 адамның әр қасысы арлы – берлі үш – төрт манитордың бетіндегі шығып жатырған қандай да бір сандар мен диаграммаларды қарап, содан кейін бірдеңелер айтумен у – шу болып отырғанын байқауға болады.

Бірақ бәрінен бұрын көзге кіре берістен қарама – қарсы жардағы жардың шамамен үштен екі бөлігін алып жатырған экранға назар аударуға болады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
На этой странице вы можете бесплатно скачать Қанжар - М-К. А. Тузелбаев торрент бесплатно.
Комментарии
Открыть боковую панель
Комментарии
Вася
Вася 24.11.2024 - 19:04
Прекрасное описание анального секса
Сергій
Сергій 25.01.2024 - 17:17
"Убийство миссис Спэнлоу" от Агаты Кристи – это великолепный детектив, который завораживает с первой страницы и держит в напряжении до последнего момента. Кристи, как всегда, мастерски строит