Категории
Самые читаемые
RUSBOOK.SU » Фантастика и фэнтези » Боевая фантастика » Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Читать онлайн Қанжар - М-К. А. Тузелбаев

Шрифт:

-
+

Интервал:

-
+

Закладка:

Сделать
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
тырысты.

– Соның өзі де жетеді. Кеттік. – Бекнұр команда берді

Жүргізушінің орнына Дэмиан отырып алды. Ардо жолдағы тосқауылдардың барлығының кедергі болмайтындығын бақылап отырды. Вероника (шын мәнінде виджет) шаттлдың құлауға мүмкін аумағын, сол жерге қалай ең жылдам баруға болатын жолды есептеп жатыр.

Он екінші бөлім: Шығарда

Бір күн бұрын:

– Маған не сендермен баруға болмайды?! –

– Сен осыған дейінгі де барған жоқсың ғой! -

– Я, білемін. Бірақ осыған дейінгілердің барлығында сендердің келе алатындарыңды білдім. Алайда осы жолы сендер өздерің білесіңдер, келулерің екіталай.

– Сондықтан да сен қалуың керек.

– Сенер өздерің білесіңдер, осы жасақты құрған менің әкем. Анам о дүниеге аттанған соң ол өз – өзіне түңіліп кеткен. Тек «Қанжар» құрылғаннан кейін ғана адамдармен араласа бастады. Мен ол тірі кезінде ешқашан көмек көрсете алмадым, енді тым құрыса өмірлік ісіне көмек көрсетуім керек!

– Лу Хао, сенің ойыңша егер де сен әкеңнің ізін жалғастырмасаң, оның үмітін ақтамағандай болып сезесің. Бірақ шын мәнінде бәрі қарама – қарсы. Лу Чень о дүниелік болмас бұрын бәрімізге соңғы әрі ортақ тапсырма берді: сені қорғау. Чень, өзің білетіндей, өте сақ адам болғандықтан оның сеніміне кіретін адамдардың тізбегі ұзақ емес, тіпті, өте қысқа деп айтар едім: нақтырақ айтсақ, олардың барлығы осы үйде. Сенің әкең сені біздің қасымызда топпен бірге соңына дейін барсын деп емес, тек бізге ғана сене алатындықтан ғана сені бізбен бірге қалдырған.

– Мен оны … псвх … білген … псвх … жоқпын, – өзін – өзі әрең ұстап отырған Лу Хао жылап жіберді – мен әрқашан ойлайтымын … псвх … мен сендердің қастарыңда … псвх … үйрене берсін деп … псвх … алып жүрді ме деп ойлап келгенмін … псвх … артқа қайтатын жолды … псвх … бақылау менің міндетім екеніне сеніп келгенмін … псвх … сол үшін де ешқашан қарсы келмегенмін.

Топ мүшесінің ешқайсысы Лу Хаоны бөлгісі келмеді. Қанша жыл бірге болсада олардың ешқайсысы оның жылағанын көрген емес, ал егер Лу Ченнің әңгімелерене (ал ол көп әңгіме айтпайтын, тіпті, керісінше, өте аз айтатын) сенетін болсақ, анасы қайтыс болғаннан кейін бірнші рет жылап жатыр (тіпті әкесі екі дүниенің арасында жатқанда да, одан кейін де жыламаған еді).

Бұл көрініс ұзаққа созылмады. Себебі атмосфера қаншалықты сентименталды болса да, егер графиктен қалып қойса, онда осындай жағдай келесіде қайтадан пайда болмауы мүмкін (ал егер олар осы мүмкіндікті жіберіп алатын болса, онда топтың мүшелерінің ешқайсысы өзін кешірмейді).

Он үшінші бөлім: Көлікте

Сауда – ойын кешені. Көліктер тұрағы. Көліктердің арасында тыныш гүрілдеген дыбыс естілді. Соғыс жылдарында көліктер, шағын ұшақтар, қайықтар және өзге де транспорттық аппараттарға арнайы маторлар құрастырылған болатын.

Бөлшектерден қолдан жиналып құрастырылған көліктердің бір жақсы жері – оларды системада табу өте қиын (әсіресе егер оларды қара базарда алынса). Көлік тұрақтан шығып бара жатқанда шлагбауым артынан өзімен – өзі жауылып кетті. Көліктің тұраққа кірілгені немесе шыққаны бір де бір бейнебақылауларда көрінбеді. Вероника, айтылғандай, өз ісінің мықты маманы.

Электронды тұрғыда автокөлік жоқ болса да, материальды өмірде бар. Сондықтан да оның екі қапталынан өзге көліктердің терезелерінен және жаяу жүргіншілерден дөрекі сөздер (өте – өте дөрекі боғауыз сөздер) естілді.

– Қай жерге құлағанын таптың ба? – рөльді басқарып отырған Дэмиан өзінің дене пішініне байланысты кішкене күлкілі бейне пайда болып отыр.

– Күте тұр. Сендер не, маған оңай деп ойлайсыңдар ма?! Менде бар жоғы 0,875684 секунд қана бейне бар. А, я, айтуды ұмытып кеттім. Бейнелердің жалпы ұзақтығы одан 10000 есе артық. Компьютер осы бейнежазбалардың ішіндегі барлық шаттлдың суреттері бар және шағылыстырғыш беттердегі суреттері бар кадрлардың барлығын ескере отырып, арнайы бағдарламалардың көмегімен оның құлау бұрышын, жылдамдығын, құлауға мүмкін локациялық беттік параметрлері және өзге де сен түсінбейтін факторларды табу керек. Сонымен қатар шаттлдың мүмкін құлаған орнына дейінгі ең қысқа жолды тауып, сол жолдың бойынша барынша аз кедергі болуын қадағалауда. Есіңе сала кетейін, бұның барлығын жалғыз бір компьютер және бір адам басқарып отыр. Неге? Өйткені біздің автокөлік сервер тасып жүре алмайды, және ешқандай із қалдырмас үшін ғаламторға да қосыла алмамыз. – көлік барлық мүмкін жол заңдарын бұзып, салонның ішінде дауыл ойнап жатырғандай заттар ұшып жүрсе де, Вероника қандай да бір белгісіз күштің көмегімен компьютермен жұмыс жасай алып отыр.

– Я, я, түсіндім. Кешірерсіз! Мен тек жай ғана барлығымызды қайда апаратынымды білгім келеді. Себебі рөльде отырған мен ғой. – Дэмиан рөльді лезетте солға содан кейін оңға бұрып жіберді. Қасынан қызыл түсті соңғы моделді Welly Honda мотоциклі өтіп кетті (мотоцикл жүргізушісі Дэмианның анатомиясы дұрыс емес деп айтып үлгерген).

– Уайыдама. Тек қана навигатордың көрсеткен бағытына қарай жүре бер. Қазір бізде тек қана шамамен құлауы мүмкін аймақ қана бар.

Он төртінші бөлім: Сыртында

Алматы қаласы; сыртқы сақина; өлі аймақ;

Үш қабатты жартылай сынып жатырған (үй үштен көп қабаттан көп қабаттан тұратын екенін көруге болады, себебі үшінші қабаттың «шатыры» екі қабаттың ортасы екенін көруге болады) үйдің көлеңкесінен төрт адамның сұлбасы көріне бастады (өздеріңіз бұл төрт адамның кім екенін түсінген шығарсыздар).

Өлі аймақта ешқандай жер көліктері жүре алмайды. Себебі, біріншіден, бұнда көлік жүруге болатндай жол жоқ; екіншіден, егер тіпті оған көңіл аудармай жүремін десек те, аймақ қабаты кез келген әлсіз қозғалыстың әсерінен бұзлып кетуі мүмкін, ал ондай жағдайда қолайсыз автокөлік тек кедергі келтіреді.

Сондықтан да топ мүшелеріне біраз уақыттан бері жаяу жүруге тура келді.

– Сенің есептерің дұрыс екеніне сенімдісің ба? – әдеттегідей Дэмиан тағы да шағымдана бастады.

– Егер сенбесең өзің тауып көрсең болады! – Вероника да өзінің рипертуарынан кері қайтпады.

– Жарайды, жарайды. Мен тек біздің әлі дым таппағанымызды айтқым келеді. – екеуінің диалогы қайтадан айтысқа айналып бара жатырды.

– Құлаған нүктесі бойынша есептеуім дұрыс. Бірақ ескере алмайтын факторлар көп. Мысалы: жердің құлаған моменттегі ерекшеліктері, кеменің бетінің үйкелістік және серпімділік коэффиценті, немесе, шаттлдың генераторы қайта жұмыс жасап, ол ұшып кеткен болуы да мүмкін. – Вероника өзінің қолындағы смартфонынан (әрбір екінші тұрғынның қолында скрибо бар кезде біреудің қолынан «ескі ғасырдың» девайсын көру мүмкіндігі күнде туа бермейді).

– Егер де соңғы айтқаның рас болса, онда біз дәл қазір осылай еркін сөйлесе алмас едік.

– Я, мүмкін. Немесе олар жәй ғана біздің сыртымыздан бақылап отыр. Былай айтқанда, біздерді аңдып отыр. Сосын бас кеме келген кезде олар біздердің барлығымызды өздере алып кетіп, миымызды ақтарып, барлық құпияларымызды біліп алғаннан кейін барлығымыздың өмірлік жолымыз сол мезетте аяқталады немесе өздерінің эксперименттері үшін қолданысқа жібереді. – екі әңгімелесушінің ортасына өз сөзін қосуды Ардо да ұмытпады.

– М – м – м. Ия – я – я. Сен арамызда бәрінен жақсы адамдарға қолдам бере білесің. – иронияға толы Верониканың жауабы өзін ұзаққа күттірмеді.

– Бәрің тынышталың. Мен бірдеңе естіген сияқтымын. – осы жолы да әңгіменің соңына соңғы нүктесін Бекнұр қойды.

Топтың алдынан гуілдеген дыбыс есілді. Ондай дыбыстың ешқандай осы сияқты өзге де дыбыстардан айырмашылығы болмас еді (осы аймақтың архетектуралық және гелогиялық ерекшеліктеріне байланысты желдің гуілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Перейти на страницу:
На этой странице вы можете бесплатно скачать Қанжар - М-К. А. Тузелбаев торрент бесплатно.
Комментарии
Открыть боковую панель
Комментарии
Вася
Вася 24.11.2024 - 19:04
Прекрасное описание анального секса
Сергій
Сергій 25.01.2024 - 17:17
"Убийство миссис Спэнлоу" от Агаты Кристи – это великолепный детектив, который завораживает с первой страницы и держит в напряжении до последнего момента. Кристи, как всегда, мастерски строит